Ордабасыда көне Ишанбазар мешітінің аумағында көгалдандыру жұмыстары жүрді

Ордабасы ауданы Шұбар ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында 19 ғасырдың сәулеттік ескерткіші — Ишанбазар мешітінің айналасында тазалық жұмыстары жүргізілді. Көгалдандыру жұмыстарын аудан орталығындағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінің қызметкерлері ұйымдастырды. Бүгінде кесене аумағына 500 түп тал көшеті отырғызылып, әрлеу жұмыстары атқарылды.

Ишанбазар мешіті — Ордабасы ауданындағы Аққойлы елді мекенінің солтүстік шығысында орналасқан. Мешітті 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Бұхара қаласында 30 жылдан аса діни сабақ алып, ишан деген құрметті атты иеленген Егемберді есімді азамат салдырған. Онда өз заманында діни, қоғамдық, мәдени шаралар өткен. Тіпті сауда орындары қойылып, жұрт базарға жиналған. Ел мерекелерде күрес, бәйге сынды ұлттық ойындар тамашаланған. Ескерткіштің «Ишанбазар мешіті» аталуының себебі осында. Кейінірек «Аққойлы медресесі» аталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...