Ордабасыда экоакция аясында 38 000 түп гүл көшеттері егілді

Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясындағы «Жасыл аймақ» апталығы басталды. Акция аясында аудан орталығы Темірлан ауылында 38 000 түп гүл көшеті егілді. «Темірлан аббаттандыру» мекемесінің басшысы С.Алибаеваның айтуынша, жалпы биыл 94 мың дана маусымдық гүл көшеттерін егу жоспарланған. Оның ішінде қазіргі таңда 38 мың дана сальвия, шафран, тагеци, ценарерия, катарантус сынды гүлдер отырғызылған. Одан бөлек, аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып, көгалды аймақ көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, саябақ іштері қалыпқа келтіріліп, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында «Al-Farabi» интеллектуалды ойынына 200 команда қатысып, үздіктері анықталды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс көлемінде өткізілген «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі өз мәресіне ...

Түркістанда «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті

Түркістан облысында 8 сәуірден бастау алған «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін облыс орталығында қорытындыланды. Еліміздің 7 облысынан атап айтқанда Абай, Қарағанды, ...