Ордабасыда биыл «Ауыл аманаты» жобасымен түйе сүтін өңдейтін агроөнеркәсіптік кешен құрылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасыда биыл «Ауыл аманаты» жобасымен түйе сүтін өңдейтін агроөнеркәсіптік кешен құрылады

Биыл Ордабасы ауданы Бөген ауылдық округінде түйе сүтін өңдейтін агроөнеркәсіп кешені құрылмақ. Кешенде 200 басқа дейін түйе бағылып, оның сүтін жинау, өңдеу және саудаға енгізу жоспарланып отыр. Жоба «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында іске асырылмақ.

Айта кетейік, ауданда биылғы жылы төрт ауылдық округте аталған бағдарлама арқылы ауыл шаруашылығындағы жаңа жобаларды қаржыландыру көзделген. Атап айтар болсақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасының ІІІ кезеңін — Қажымұқан, Шұбарсу, Төрткүл және Бөген ауылдық округтерінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Биылғы жылы жобаға 410 адам қатысып, 422 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...