Оқушылар «Жасыл аймақ» апталығының челленджін жолдады — Xnews — ақпарат агенттігі

Оқушылар «Жасыл аймақ» апталығының челленджін жолдады

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Бүгін облыс орталығындағы оқу орындары мен мектептер «Жасыл аймақ» апталығының челленджін бастады.

Республикалық экоакцияның үшінші апталағында челленджді М. Абенова атындағы жалпы орта мектебі бастады. Мектеп оқушылары мен ұстаздары бірігіп, мекеме ауласында біржылдық және көпжылдық гүлдер екті. Ағаш түптерін қопсытып, әктеп, көгалды аймағында абаттандыру жұмыстарын істеді.

Шара соңында «Таза қала, таза ауа!» ұранымен челлендж жолдап, түркістандықтарды экоакцияда белсенділік көрсетуге шақырды.

Айта кетейік, көшет отырғызып, аулаларды абаттандыру көзделген «Жасыл аймақ» апталығы 27-ші сәуірге дейін жалғасады.

x

Check Also

Шымкентте білім беру инфрақұрылымы жаңартылып, оқу орындарының қуаты артып келеді

Шымкентте жаңа оқу жылына дайындық аясында білім беру нысандарын жаңғырту және оқушы орындарының тапшылығын азайту бағытында бірқатар жұмыс атқарылды. Биыл ...

Язык — путь к единству и основа порядка

В городской универсальной библиотеке имени А. Пушкина города Шымкента в рамках Дня языков народа Казахстана и в соответствии с принципом ...