Мақтааралда 10 мың түп гүл көшеті егілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде 10 мың түп гүл көшеттері егілді.

«Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағы мен «Жастар» гүлзарына, С.Жаштаев пен С.Қожанов көшелеріне түрлі гүл көшеттерін екті. Оның арасында раушан, сальвия және питуния сынды гүл түрлері бар. Көшеттер Сарыағаш және Қазығұрт аудандарынан әкелінуде. Сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсіпкерлік мекемелер де өз аулаларында көгалдандыру жұмыстарын қолға алған. «Мырзакент қызмет» мекемесі гүлдерді егіп қана қоймай, оларды күтіп- баптаумен де айналысады.

«Егіліп жатқан гүлдердің өз ерекшеліктері бар. Сабағы нәзік болғанмен, тамыры қуатты. Гүл — кез-келген адамның көңіліне жылу сыйлайды. Әдеміліктің, сыйластықтың символы» — дейді мекеме директоры Тимур Адамбек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...