Келесте абаттандыру жұмыстары атқарылуда

Келес ауданында экоакция аясында «Жасыл аймақ» апталығында сенбілік ұйымдастырылды. Шара барысында аудан орталығының ішкі көшелеріне абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш түптері әктелді. Сондай-ақ, ауданда акция аясында ағаштарды реттеу, күл-қоқыстан тазарту жұмыстары атқарылды. Тазалық шараларына барлық мекеме қызметкерлері, жастар және жергілікті тұрғындар атсалысты.

Айта кетсек, «Жасыл аймақ» апталығы 22-27 сәуір аралығында өтеді. Сонымен қатар, алдағы апталарда 27 сәуірден 4 мамырға дейін — «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы өтеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...