Кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді

“Білімді ұлт, сапалы білім беру” ұлттық жобасы шеңберінде 2024-2025 оқу жылына Түркістан көпсалалы техникалық колледжінің педагогтары және “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің мамандары Көксәйек ауылында орналасқан М.Х.Дулати атындағы ЖББМ-нің 9-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру және әр салада еңбек ететін үлгілі мамандардың өмірлік тәжірибесін жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында педагогтар колледжде оқытылатын мамандықтарды жетік түсіндіре отырып, колледж тынысы туралы айтып, студенттердің қызықты өмірлерінен мағлұматтар берді.

Дереккөз: «Төлеби Жастары«

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...