Жетісайда театр өнерпаздары «Жасыл аймақ» апталығына үлес қосты

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ұжымы республикалық экоакция аясындағы «Жасыл аймақ» апталығына өз үлестерін қосты. Шара барысында театр ғимаратының ауласы шөптерден тазартылып, көшеттер отырғызылды. Одан бөлек, көгалдандыру шаралары жүргізілді. Бүгінде облыстағы мәдениет мекемелері мен аудан-қалалардағы бөлімдер тарапынан түрлі тазалық шаралары ұйымдастырылуда.

Айта кетсек, «Жасыл аймақ» апталығы 22-27 сәуір аралығында жүргізіледі. Сонымен қатар, алдағы апталарда 27 сәуірден 4 мамырға дейін — «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы өтеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Қазығұрт ауданында ауылдарды көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр

Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» республикалық шарасы аясында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылуда. Осы ретте, аудандағы Жаңабазар ауылдық округінде абаттандыру, көгалдандыру мақсатында 300 ...

Түркістандағы ел чемпионатында су айдынының иелері ешкімге дес бермеді

2-6 сәуір аралығында Түркістан қаласындағы олимпиадалық стандартты ескек есу каналында байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты ...