Жайлы мектептер Түркістанның жиһаздарымен қамтылады

Түркістан облысында «Жайлы мектеп” Ұлттық пилоттық жобасы аясында 63 мектеп салынады. Өңірде осы жоба арқылы құрылысы жүріп жатқан нысандардың бас мердігерлері Түркістандағы жиһаз шығаратын ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Басты мақсат – мектептерді сапалы отандық жиһазбен қамту барысын пысықтау,деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең алдымен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен кәсіпкерлер мен жайлы мектептердің бас мердігерлерінің кездесуі өтті. Жиынға облыстық жауапты басқарма басшылары, облыстық кәсіпкерлер палатасы мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша басшылығы қатысты.

Осыдан кейін мердігерлерге Түркістан қаласындағы «Brownfield» дайын өндірістік аймағы мен шағын өнеркәсіптік аймағында орналасқан кәсіпорындар таныстырылды. Негізінен мектепке қажетті бекітілген техникалық сипаттамаға сай жиһаз өнімдері ұсынылды. Олардың қатарында:

1. «Аkniet Holding» мүгедектер қоғамы» жоба құны: 2,3 млрд.теңге, 80 жаңа жұмыс орнымен қамтиды. Қуаттылығы: жылына 180 000 дана. Жобаның ерекшелігі: роботтандырылған соңғы үлгідегі қытайлық технология;

2. «СП Туран Мебель» ЖШС жоба құны: 2,3 млрд.теңге, 40 жаңа жұмыс орнымен қамтиды. Қуаттылығы: жылына 400 000 дана. Жобаның ерекшелігі: арнайы мектепке арналған жиһаз бұйымдарын өндіру.

Жалпы кездесу қорытындысы бойынша бас мердігерлерге кәсіпорындардың жұмысы егжей-тегжейлі таныстырылды. Әрі қарай бірлесіп жұмыстар атқару бойынша келіссөздер жүргізілді.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...