Ғ.Сыздықбеков қала тазалығын үнемі бақылауда ұстауды тапсырған — Xnews — ақпарат агенттігі

Ғ.Сыздықбеков қала тазалығын үнемі бақылауда ұстауды тапсырған

Өткен айда, жалпы еліміз бойынша республикалық «Таза Қазақстан»  экологиялық акциясына дейін аппараттық мәжілісте бірқатар мәселе қаралып, мегаполис басшысы жауаптыларға қала тазалығын үнемі бақылауда ұстауды тапсырған еді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев баяндама оқыды.

Оның айтуынша, қалада 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істеп тұр. Аталған аймақтарда 345 жобаны жолға қою көзделген. Бүгінге дейін 229 млрд теңгені құрайтын 8,6 мың жаңа жұмыс орнымен 285 жоба іске асырылды. Қазіргі уақытта қосымша 8 жаңа өндірістік алаңын құру жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда Біржан Қанатұлы индустриалдық аймақтарға қатысты сұрақтар бойынша мәселе қозғады. Ал қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков мегаполистегі психикалық денсаулық орталығының әр аумақта орналасқан 8 бөлімшесін бір типтік ғимаратқа біріктіру қажеттілігі туындап отырғанын жеткізді.

Аппараттық мәжілісте қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы инфрақұрылым ұйымдастыру жұмыстарының барысын мәлімдеді.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков баяндамалар негізінде тиісті тапсырмалар берді. Сондай-ақ қала бойынша қажет жерлерге қоқыс жәшіктерін қоюды міндеттеген.

Өзімізден қосарымыз ол “Тазалық-табалдырықтан басталады”, сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті болып табылады. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...