Еуропалық ұстаздар Түркістанға тәжірибе алмасуға келді

Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының «Инновация және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының ұйымдаструымен Түркістан облысының «Көшбасшы» өңірлік мектеп директорлары қауымдастығының «Мектепті басқару жүйесіндегі қоғамдастық байланыстың жаңа модельдері» тақырыбында конференция өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдегі білім саласының қызметкерлері қатысқан басқосуда Португалия және Испания елінен келген ұстаздар, Гранада университетінің профессорлары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Конференция мақсаты – білім беру ұйымдарын басқаруды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жетілдіру арқылы заманауи көшбасшының кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Жиында директорлар кеңесінің мүшесі, заңгер, әлеуметтік ғылымдар магистрі, ұлттық және Еуропалық деңгейдегі жобалардың аға кеңесшісі және бағалаушы Мария Мартинес Гонсалес қазіргі кезеңдегі адам ресурстарын және олардың инновациялық әлеуетін дамыту туралы кеңінен тоқталды. Ал Джоана Анрикес де Оливейра мектепті басқаруда әр түрлі секторлармен және жергілікті қоғамдастықпен байланыс орнатуда, жоба жұмыстарын жүзеге асыруда, жағымды және ынталандырушы орта құруда бірлесіп жұмыс жасауға ынталы екенін жеткізді.

«Көшбасшы» өңірлік мектеп директорлары қауымдастығының мүшелері шет мемлекеттерден келген ғалымдармен білім беру саласындағы өзекті мәселелер туралы ой қозғап, пікір алмасты. Халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, білімімді шыңдаймын деген азаматтарға мүмкіндік көп екені айтылды. Енді облыс ұстаздары Еуропалық тәжірибені өңір мектептерінде кеңінен қолданбақ.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

Келесі жылдары білім гранттарының саны артады — министрлік

Ғылым және жоғары білім министрлігі үш жылдық бюджетте мемлекеттік білім беру гранттарының санын көбейту мүмкіндігіне қатысты түсінік берді. — Қазақстан Республикасында ...