Биыл Шымкентте 40 мың шаршы метрге қызғалдақ отырғызылды

Биыл қала аумағында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1 млн дана қызғалдақ гүлі егілді. Отырғызылған гүлдердің жалпы аумағы 40 мың шаршы метрді құрайды. Affaire, Albatros, Avant Garde голландиялық қызғалдақ түрлері айналма жолдарға, Бәйдібек Би, Назарбаев, Қабанбай батыр даңғылдарына, №1 Автожол, Гагарин көшесі мен магистралды көшелердің жол жиектеріне, бұрылыстар мен жол айрықтарына отырғызылды.

Көгалдандыру шаралары Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасы мен мемлекеттік — жекешелік әріптестік аясында жасалды.

Шымкент қаласы әкімі баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...