Бәйдібектіктер Республикалық экологиялық акцияға отбасыларымен бірге атсалысуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Бәйдібектіктер Республикалық экологиялық акцияға отбасыларымен бірге атсалысуда

Бәйдібек ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы ретте аудандағы Шаян ауылдық округінде «Менің талым!» атты отбасылық акциясы өтті. Акцияға ауыл әкімдігінің кызметкерлері отбасыларымен бірге қатысып, 100 түп ағаш көшеттерін отырғызды.

Шаян ауылдық округінің әкімі Айнұр Әуелбекованың айтуынша, акция — жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және өз көшеттерін отырғызу арқылы қоршаған ортаны тазартуға бағытталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...