Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Жеңіс Садырханов облыс азаматтары мен кәсіпкерлеріне ҚР Әділет министрлігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес, құқықтық-насихат жұмыстарын жүргізу бойынша мақсатты кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді түсіндіруден бөлек, жиынға қатысушыларға құқықтық кеңесін білдірді.
Азаматтардың басым көпшілігі субсидия қарастыру, мемлекеттік қолдау, жер алу, мектеп салу, кәсіпкерлік және денсаулық салаларына қатысты және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.
Мәселен, Түркістан қаласының тұрғыны инвестор мен «Оңтүстік» АИО құрамындағы заңды тұлғамен келсімшарт жасауға ықпал етуді сұраса, бәйдібектік азаматша мемлекеттік бағдарлама аясында «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы несиеге алынған техникаға жеңілдік қарастыру мәселесін қозғады. Тағы бір түркістандық кәсіпкер келісімшарт негізінде орындалған жұмыстарының қаржысын аударуда мәселелер орын алғанын айтты. Бірі балық шаруашылығын бастау үшін жер телімін және субсидия алу жолдары туралы сұрақтарын қойды.
Басқосуға келген тұрғындарға заң шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жауапты басқарма қызметкерлері тарапынан құқықтық көмектер көрсетілді.
Жиын соңында Жеңіс Садырханов көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыстар жүргізілетін жеткізді. Хаттаманың орындалу барысы бақылауда болады
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі