Түркістан облысындағы әкімдер мен мемлекеттік қызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен келді

Елімізде әз-Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту жоспарланған. Наурызнама онкүндігі аясында әр күн ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталып, Түркістан облысында да түрлі тақырыпта іс-шаралар өтіп жатыр.

18 наурыз – Ұлттық киім күні. Қазақтың ұлттық киімдерін ұлықтауға арналған күні Түркістан облысындағы барлық мемлекеттік қызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен келді. Облыс әкімінің аппараты және басқармалардың, аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері мен коммуналдық мемлекеттік мекеме мамандары да аталған бастаманы қуана қолдады.

Ел тарихы мен ұлт мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған ұлттық киімді насихаттау – әрбіріміздің міндетіміз.

Айта кетейік, Түркістан облысында 23 наурызға дейін Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралар күнделікті жалғасады. Ал, бүгін сағат 16:00-де «Керуен сарай» туристік кешенінде Түркістан облысындағы туристік маусымның салтанатты ашылуы өтеді. Түркістанның Түркі әлемінің 2024 жылғы туристік астанасы атанғанына байланысты іс-шаралар легі басталады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...