Қала әкімі наурыз мерекесі қарсаңында шетелдік журналистермен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков шетелдік журналистер мен блогерлермен кездесті. Наурыз мерекесіне орай мегаполиске оннан астам БАҚ өкілдері арнайы келді. Делегация құрамында Германия, Франция, Сербия, Польша, Қытай, Оңтүстік Корея, Перу, Әзірбайжан, Өзбекстан және басқа да елдердің тілшілері бар.

Ғабит Сыздықбеков қонақтармен ағылшын және француз тілдерінде әңгімелесіп, қаланың жетістіктерін, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, жұмыс барысында осындай маңызды тұстарға назар аударуды ұсынды. Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жобалар мен мегаполисті дамыту жоспарларын да әңгіме тақырыбына арқау етті.

Кездесу соңында қала басшысы мегаполиске қызығушылық танытқан қонақтарға алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыс етті. Журналистер сапар барысында әлемнің түкпір-түкпіріндегі оқырмандары мен көрермендеріне мереке айшықтарын, қаланың тыныс-тіршілігін көрсетеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығы алдында сөз сөйледі

Президент Конгресс-холға жиналған жергілікті қауым алдында сөйлеген сөзінде шаһарға жұмыс сапарымен арнайы келгенін, шырайлы Шымкент еліміз үшін өте маңызды қала, ...

Мемлекет басшысы «Tulip Hall» көпфункционалды кешеніне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Президент тапсырмасына сәйкес бой ...