Ордабасыда ұлттық киім күніне орай экскурсия өтті

Ордабасы ауданында Наурызнаманың бесінші күні — Ұлттық киім күніне орай тарихи, мәдени және киелі орындарға экскурсия жасалды.

Осы орайда аудан тұрғындары ұлттық нақышта киім киіп, Ордабасы тауына барды. Экскурсия өңірдің рухани-мәдени құндылықтарымен таныстыру мақсатында өтті.

Айта кетсек, елімізде биыл Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы қабылданған болатын. Наурыз мейрамының мән-мағынасы мен мазмұнын байыту үшін жыл сайын 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі жарияланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...