Кең жайлауда аталып өткен әз-наурызды 10 мыңнан аса адам тамашалады

Әз-Наурыз түркі халықтарына ортақ төл мереке саналатын қасиетті мейрам. Жыл жаңарып, адамдардың көңілі көтеріліп, бір-бірімен етене араласатын кез – наурыз айы. Сол үшін де қазақ халқының танымында бұл айдың маңызы зор, мәні ерекше. Наурыз мерекесінде халық наурыз көже пісіріп, қонақ күту дәстүрін жаңартады. Ұлттық ойындары көрініс табатын мереке – осы Наурыз мейрамы. Осы орайда Келес ауданында Ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып өтті. 22 – наурыз күні Қоңыртөбе елді мекенінде орналасқан кең жайлауда «Наурыз мерекем, Наурыз берекем» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, 10 мыңнан аса аудан тұрғындары мен қонақтары шараны тамашалады.

Жазық жайлауда 20-дан астам киіз үй тігіліп, алтыбақандар мен ұлттық ойындарға арналған алаңшалар ашылды. Салт-дәстүрлерді паш ететін қойылымдар қойылып, түрлі ұлт өкілдерінің әндері шырқалды. Жұртшылық қолөнер шеберлері мен ұлттық тағамдардың көрмесін тамашалады. Шара барысында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев сөз алып, көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жылы Наурыз жаңа, ерекше форматта атап өтілуде. Осыған орай, Түркістан облысында Наурыз мерекесін 10 күн бойы игі істермен, мазмұнды іс-шаралармен қарсы алудамыз. Бүкіл аудан, ауылдарда елді тазалыққа, бірлікке, елдікке, берекеге бастайтын шаралар ұйымдастырылды. Ұлттық болмысымыз бен мәдениетіміз, құндылықтарымыз, салт-дәстүрлеріміз дәріптелді. Ал бүгін біз Сіздермен Келес төріндегі Наурыз мерекесінде кездесіп тұрмыз. Біздің өңірде де бұл мейрам жаңаша сипат алып, кең дала төсінде тойлаудамыз. Ат шаптырып, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырутда бұл бастамалардың үлесі мол деп есептеймін, — деді аудан басшысы Жәнібек Есенұлы.

Мерекелік жиын аудандық мәдениет үйінің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасып, түрлі сахналық қойылымдар қойылды. Сондай-ақ, тұсау кесер, қыз қуу, аударыспақ, көкпар, арқан тарту сынды қазақтың ұлттық ойындары дәріптеліп, көпшілікке көтеріңікі көңіл күй сыйланды. Кең дала төсінде ұйымдастырылған шарада елімізге танымал эстрада жұлдыздары Асан Пердешов, Шәмші Дүкенбайұлы және «Миллион» командасының капитаны Қанат Тасхан өнер көрсетті.

Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...