ХIV сессия: күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясында 15 мәселе қаралды. Депутаттар Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараевтың 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті нақтылау бойынша баяндамасын талқылады.

Қазіргі таңда қаланың биылғы бюджеті нақтылануда. Жалпы бюджет көлемін 70 млрд. теңгеге ұлғайту ұсынылып отыр. Шығыстарды жоспарлау барысында халықтың тұрмысын жақсартуға және қала дамуына қажетті бірінші кезектегі шығындарға басымдық берілді.

Сонымен қатар кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму бағытында атқарылған жұмыстар мен міндеттер пысықталды. Сессия барысында халық қалаулылары «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жұмысына жоғары баға берді.

Жиында инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік көмек көрсету мөлшерін белгілеу, тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау мәселері де көтерілді.

Қала басшысы мәслихат тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, алдағы уақытта да мегаполисті дамытуда бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығы алдында сөз сөйледі

Президент Конгресс-холға жиналған жергілікті қауым алдында сөйлеген сөзінде шаһарға жұмыс сапарымен арнайы келгенін, шырайлы Шымкент еліміз үшін өте маңызды қала, ...

Мемлекет басшысы «Tulip Hall» көпфункционалды кешеніне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Президент тапсырмасына сәйкес бой ...