Ғ.Сыздықбеков Франциялық әріптестерін бірлескен жобаларға инвестиция жасауға шақырды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Франция консулы Фабрис Невемен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде білім, медицина, мәдениет, туризм салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Қала басшысы мәртебелі мейманның сапары Франциямен экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді.

Шымкент – Қазақстанның үшінші мегаполисі және экономикалық дамыған қалалардың бірі, Ұлы Жібек жолының дәл ортасында орналасқан. Біздің басты мақсаттарымыздың бірі — қаламызды өмір сүруге ғана емес, бизнес жүргізуге де қолайлы заманауи мегаполиске айналдыру. Инвестицияларды тарту маңызды бағыттардың бірі, біз француз серіктестерімен бірлесіп жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Бүгінде мемлекет инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасауда, инвестицияны қолдау шараларын жетілдіруде. Мен француз компанияларын бірлескен жобаларға инвестиция салуға шақырамын, — деді Ғ. Сыздықбеков.

Өз кезегінде Фабрис Неве Қазақстан экономикасының жетістіктерін, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы тауар айналымының айтарлықтай артқанын жоғары бағалады. Консул қаладағы ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал етуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ биыл мамыр айында француз делегациясының қалаға келіп, тараптардың болашақ жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылайтынына тоқталды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығы алдында сөз сөйледі

Президент Конгресс-холға жиналған жергілікті қауым алдында сөйлеген сөзінде шаһарға жұмыс сапарымен арнайы келгенін, шырайлы Шымкент еліміз үшін өте маңызды қала, ...

Мемлекет басшысы «Tulip Hall» көпфункционалды кешеніне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Президент тапсырмасына сәйкес бой ...