8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай, көпбалалы аналарға бір реттік қаржылай көмек беріледі. 2019 жылдан бері қала мәслихатының шешімі негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне жыл сайын бір реттік әлеуметтік төлем төленеді.
Қазір қаламызда 64 134 көпбалалы ана бар. Оның ішінде 12 608-і «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері. Жергілікті бюджеттен бір реттік төлем аталған санаттағы аналарға 5 АЕК мөлшерінде, яғни 18 460 теңгеден төленеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі