Түркістандық қариялар мен ерекше жандарға арнайы орталық қызмет көрсетеді

Түркістан қаласындағы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға барлық жағдай жасалған. Орталық жылына 2000 зейнеткерге, 700-ден астам ерекше қажеттілігі бар азаматқа қызмет көрсетеді. Онда арнайы «Белсенді ұзақ өмір сүру», «Тең қоғам» сынды бөлімдері мен кәсіби мамандар бар.

Орталықта — еңбек терапиясы, компьютерлік сауаттылықты арттыру бойынша арнайы курстар, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметтік мәселелер бойынша заңды кеңестер беріледі. Одан бөлек, тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар мен театр, концерт қойылымдарын тамашалау және мерекелік мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...