Түркістанда бокстан республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Түркістан қаласында бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Жарыс — «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» деген ұранмен Ауған соғысының ардагері Аппаз Мамраймовты еске алуға арналған. Додада Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда облыстарымен қатар, Шымкент, Түркістан қалаларынан 11-12 жас аралығындағы 300-ге жуық спортшы бақ сынады.

Жарыс қорытындысында 30 және 36 келі салмақтарда Арыс қаласының өрендері Нұрзат Серік пен Рамазан Наурызбай алтын медаль еншіледі. 70 келіде Жетісу облысының абыройын арқалаған Әлихан Пірімбетов қарсылас шақ келтірмеді. 80 келіден жоғарылар сынында түркістандық Ерасыл Бақытжан алтын медаль тақты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...