Түркістан облысының мектептері маңында 10 мыңнан астам құс ұясы орнатылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысының мектептері маңында 10 мыңнан астам құс ұясы орнатылды

Біз қамқоршы баламыз, құстарға ұя саламыз! Дәл осындай ұранмен Түркістан облысының білім беру мекемелерінде жаппай құс ұясы мен жем шашатын ыдыстар орнатылды. Бір мезетте білім басқармасына қарасты 1040 мектепке көктем хабаршысы болған құстарға арналған ұялар қойылды. Игі бастамаға қатысқан балалардың жүздері қуаныштан бал-бұл жанды.

Мақсат – оқушылардың құстарға, табиғатқа қамқорлық сезімін және мейірімін ояту, еңбекке баулу. Құстардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту. Жоғалып кетуге шақ қалған құс түрлерін қорғауға шақыру.

Аталған шара облыстық «Білім беруді дамыту орталығы» КММ әдіскері Нұғман Архабаевтың ұйымдастыруымен өтті. Ұяларды көркем еңбек пәнінің мұғалімдері мен оқушылар әзірлегенін айта кеткен жөн.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында әрі көктемнің алғашқы жаршысы құстарға қамқор бола білу – балаларды ұйымшылдыққа, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелейді. Мұны бүгінгі өткен экологиялық іс-шарадан айқын байқауға болады.

Науқан шеңберінде жас буынның құстарға қамқорлық танытып, өз қолдарымен азық беріп, ұя жасап жатқаны көпшілікті қуантты. Осындай игі бастама алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...