Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» байқауы өтеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» байқауы өтеді

Түркістан облысында өңір басшысы Д.Сатыбалдының қолдауымен елді мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы ортаны қалыптастыру, ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағын арттыру және өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң әсер ету мақсатында «Үлгілі ауыл» байқауы өтпек.

Екі кезеңнен тұратын тәлімі мен тағлымы мол сайыстың бірінші кезеңі — 1 наурыз бен 1 шілде аралағында аудан көлемінде ұйымдастырылады. Ал екінші кезең — облыстық деңгейде 1 тамыз бен 1 қараша аралығында жалғасын таппақ.

Байқауға қатысудың да өзіндік талаптары бар. Байқау қатысушыларын ауыл-аймақтардан іріктеу үшін аудандық арнайы комиссия құрылады. Ал облыстық қорытынды кезеңде қатысушы ауылдар бірнеше критерийлер бойынша бағаланады. Атап айтқанда, ауылдың көгалдандыру көрсеткіші, абаттандырылуы, тазалығы, экологиялық жағдайы, инфрақұрылым, туризмді дамыту, ауылда тіркелген қылмыстық істер, меценаттар есебінен салынып, жөнделген нысандардың саны, демографиялық көрсеткіш, тұрғындардың жұмыссыздық деңгейі сынды салалар сарапқа түседі.

Айта кетейік, сайыстардың облыстық қорытындысында бас жүлдені иемденген ауылға жергілікті бюджеттен 1 әлеуметтік нысан салуға қаражат бөлінбек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...