Түркістан облысына Орталық сайлау комиссиясының төрағасы іссапармен келді

ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді.

Сапар аясында Түркістан қаласы мен Отырар, Сауран аудандарына барды. Алғашқы күні Отырар ауданының жас сайлаушыларымен кездесіп, ауданның аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын тексерді. Сонымен қатар, Түркістан қаласында облыстық аумақтық комиссия мүшелерімен кеңес өткізді. Екінші күні облыстың жас сайлаушыларымен, депутаттарымен, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдерімен жүздесті. Шаралар аясында сайлау жүйесіндегі өзгерістер, учаскелер мен комиссия мүшелеріне қойылатын талаптар жайы сөз болды.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Сауран аудандық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті. Онда Нұрлан Мәжитұлы сайлау учаскесінде болып, мүгедектігі бар азаматтар мен байқаушылардың жұмысы үшін қажетті жағдай жасауды назарда ұстау керектігін айтты. Іссапар аясында Төраға мемлекеттің сайлау жүйесін дамыту туралы монографиялық кітаптарды Отырар және Сауран аудандарының, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің кітапханаларына табыстады.

Бұдан бөлек, Нұрлан Әбдіров облыстың аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларына — «ҚР сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» семинарына қатысты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...