Сусын шығаратын зауыттың жұмыс қарқыны талқыланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сусын шығаратын зауыттың жұмыс қарқыны талқыланды

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Coca-Cola Almaty Bottlers» БК» ЖШС өкілдерімен кездесті. Осыған дейін екі тарап сусын зауытын салу жобасын талқылап, сауда-логистикалық орталықтың аумағында 16 гектар жер телімі бөлінді.

Кездесу барысында зауытты іске қосу үшін инженерлік инфрақұрылым жұмыстарын толық аяқтау қажеттілігі айтылды. Бұған қатысты қала басшысы жауаптыларға барлық жұмысты межелеген мерзімде атқаруды тапсырды.

Осы бағытта қала әкімдігі тиісті шараларды қолданып келеді. Сонымен бірге қолданыстағы кәріз және электрмен жабдықтау желілеріне қосылу мәселесі шешілуде. Бұл тұрғыда «ӘКК Shymkent»» АҚ есебінен кәріз жүйесіне уақытша қосуды жоспарлап отыр. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары 60% аяқталды.

Басқосу соңында қала әкімі инвестициялық жобаның сәтті аяқталуы үшін әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау болатынын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...