Көшпелі кездесу: тұрғындардың мәселелері шешімін тапты — Xnews — ақпарат агенттігі

Көшпелі кездесу: тұрғындардың мәселелері шешімін тапты

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар елдімекенді аралап, инфрақұрылым мәселелерінің шешімін қарастыру мақсатында тұрғындармен кездесті.

Жүрмелі жиын барысында Нұртас, Тассай, Самал-3 шағынаудандарындағы Үшқара, Мыңарал, Сазтөбе, Алтынбастау көшелерінің азаматтары жолды асфальттау және жарықтандыру мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар, Мыңарал көшесі тұрғындары қоғамдық көлік қозғалысын жақсартуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Ал Сазтөбе көшесінің халқы балалар ойын алаңшасы мен ардагерлер аялдайтын демалыс орнын салу бойынша сұраныс білдірді.

Ғабит Әбдімәжитұлы азаматтардың талап-тілектері жыл соңына дейін толық жүзеге асатынын айтып, тиісті басшыларға тапсырма берді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

«Ордабасы» жанкүйерлеріне 1 тоннадан аса палау пісірілді

Шымкентте футбол сүйер қауым үшін ерекше жоба ұйымдастырылды. «Ордабасы» клубының кезекті матчы алдында стадион жанында 1 тоннадан астам палау басылды. ...

Почему в Шымкенте не началось строительство нового театра оперы и балета

Спустя четыре года после поручения Президента к строительству нового театра оперы и балета в Шымкенте пока не приступили. Проект находится ...