Арыста маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвестормен келіссөз жүргізілді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік «Longshuntai» компаниясының өкілімен кездесті. Кездесу барысында әріптестік орнату, жаңажобаларды жүзеге асыру мәселесі қаралды.

Инвестор Арыс қаласында тамшылатып суару әдісі арқылы жеміс пен көкөніс өнімдерін өндіруді көздеп отыр. Дәлірек айтсақ, қызанақ кластерін дамытуды қолға алмақ. Ол инфақұрлымы дайын, бірақ қазір жұмысы тоқтап тұрған шаруашылықтардың бірін қаржыландыруға дайын. Сонымен бірге жүгері өсіруге де ниетті.

Кездесуде Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова инвестордың әлеуеті мен жоспарына тоқталып, әріптестік оң нәтиже береріне сенім білдірді.Екі тарап жобалар бойынша терең талдау жасап, зерделеу нәтижесі дұрыс шықса, бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...