Шымкентте де зілзала сезілген — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте де зілзала сезілген

Шымкентте, сондай-ақ Қазақстанның өзге де бірқатар аймағында түнде жерасты дүмпулері тіркелген – тұрғындар үрейге бой беріп, үйінен шыға жөнелді, деп хабарлайды Nur.kz.

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Instagram желісіндегі ресми парақшасында жер сілкінісі сағат 00:09-да тіркелгенін хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 264 километр жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

Шымкенттегі жер сілкінісінің сезілуі 2 баллға жетті. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Қазақпараттың мәліметіне сүйенсек, жерасты дүмпуінен үрейленген тұрғындар түнде асығыстықпен тұрғын үйлерден шығып кеткен. Олар жағдай тұрақталғанға дейін көшеде жүрді. Далаға шығып кеткен адам саны көп болған.

«Шымкент қаласында жер сілкінісі 2 балл болды. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Болған жайтқа байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын дүрбелеңге салынбауға шақырамыз», – деп жазады басылым құтқарушыларға сілтеме жасап.

Еске салайық, бүгін түнде Алматыда жер сілкінісі тіркелді. ТЖД ақпаратынша, жер асты дүмпулерінің магнитудасы – 6,7. Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...