Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дабыл неге қосылмады?

Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қаладағы жер сілкінісі кезінде сирена неге қосылмағанын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Жедел хабарландыру жіберу кезінде, тәжірибе көрсеткендей, бұл хабарламалар қала тұрғындарына кеш келеді, өйткені бұл халықтың тығыздығынан, желі операторлары ақпаратты өңдеуге үлгермейді. Тиісінше, мұндай ақпарат кеш барады. Біз бірте-бірте мұндай ақпарат тарату тәжірибесінен алыстадық. БАҚ-та жер сілкінісі туралы ақпарат 00:11-де пайда болды. Осыдан кейін, әлеуметтік желілерде жер сілкінісі туралы хабарланған кезде, біз ақпаратты біртіндеп беріп, тыныштандырдық.

Сиренаға келетін болсақ, біздің қалада шамамен 843 электрсирена бар, бұл 100 пайыз қамтиды. Сиреналар магнитудасы 5,5 балдан асатын дүмпулерді сейсмостанциялар тіркеген кезде ғана іске қосылады десек. Бұл жағдайда бізде 4-тен 5 баллға дейін, сондықтан сиреналарды қосудың қажеті де, мағынасы да болмады. Біз дүрбелең тудырғымыз келмеді және менің ойымша, одан көбірек шу болар еді», — деді ТЖД бастығы.

x

Check Also

С космодрома Байконур стартовал грузовой корабль «Прогресс»

С Байконура в 00.32.40 по времени Астаны с площадки №31 запущена ракета «Союз-2.1а» с грузовым транспортным кораблем «Прогресс МС-31». Стыковка ...

Қосымша білім беру саласы цифрландырылып жатыр

Мемлекет, қоғам және отбасы үшін басты міндеттердің бірі — өскелең ұрпақтың білімін, дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Бұл ...