Түркістанда «Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің» волонтерлік қозғалысының жұмысы басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің» волонтерлік қозғалысының жұмысы басталды

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен республикамызда алғаш рет кәсіби волонтерлік қызметтің жұмысы басталды.

«Ақжайық» музыкалық мектебінде өткен волонтерлік қозғалыстың алғашқы отырысына Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков және облыс аумағында орналасқан Жастар ресурстық орталықтарының басшылары қатысты. Жиын барысында волонтерлердің қолдауымен Пердебек Есқұлов аталған волонтерлік қозғалыстың төрағасы болып сайланды.

– Еріктілік халқымызға жат дүние емес. Өздеріңізге белгілі, ата-бабамыздан мұра болып қалған, «асарлату» ұғымы бар. Дәстүрмен бүгінгі күннің мәселесін ұштастырып, департментіміз арқылы республикамызда Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері арасында алғаш волонтерлік қозғалыс құруға бел будық. Қоғамымызда қаржылық алаяқтықтың құрбандары күн санап артуда. Департамент мәселенің салдарымен емес себептерімен күресуді жөн санады, – деді департамент басшысы.

Кездесуде Департамент қызметкері Гүлзия Қарсыбай волонтерлік қозғалыс жайлы баяндама жасап, қатысушылардың сұрағына жауап берді. Жиын соңында волонтерлік қозғалыстың атрибуттары – төлтаңба пен туы таныстырылды.

Айта кетейік, волонтерлік қозғалыстың басты мақсаты – облыс тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік маңызды атаулы тауарлардың бағаларына мониторинг жұмыстарын жүргізу және облыс аумағындағы қаржылық алаяқтық деңгейінің төмендеуіне үлес қосу.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...