Түркістан: «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен республиканың барлық аймағында «Қыс-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен облыстық ТЖД бастығы, полковник Асқар Төлешев қатысты.

Екі күнге созылатын шара Түлкібас ауданы аумағында өтіп жатыр. Оқу-жаттығу — екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде — облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарының қысқы мерзімге дайындығы пысықталады. Ал екінші кезеңде — табиғи және техногендік сипаттағы апат аймағында авариялық-құтқару және төтенше жағдайлардан туындаған залалдарды жою жұмыстары жүргізіледі.

Қыс мезгілінде ауа-райының күрт өзгеруі әсерінен облыс аумағындағы кейбір жолдарда жыл сайын көлік қозғалысы тоқтайды. Бұл жағдай Түлкібас ауданындағы Шақпақ баба ауылында жиі орын алады. Қазіргі таңда оқу-жаттығуға тартылған азаматтық қорғау құрылымдарының күштері жолда қалған жолаушыларды қауіпсіз орындарға көшіру, құтқару жұмыстарына дайындық үстінде. Сонымен қатар, олар апаттық жағдайларды жоюға жұмылдырылуда.

Айта кетсек, 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңге дайындықты бақылау бойынша оқу-жаттығулар облыстың қала-аудандарында командалық-штабтық ойындар әдісімен өткізілмек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында жаз мезгілінде өрттің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жасұлан Айнабек мәлімдеді. «Биыл жыл басынан Түркістан ...

Түркістан облысы: Жазғы маусымда 41 мыңнан астам бала лагерьмен қамтылады

Бүгінде Түркістан облысындағы 1 093 мектепте 553 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оның ішінде, 33 884 оқушы 11-сыныпты бітіріп жатыр. ...