Түркістан облысында жыл соңына дейін 3 мыңнан астам отбасы баспаналы болады

Түркістан облысында құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін қосымша 199 мың шаршы метрді құрайтын 59 көпқабатты үйді тапсыру жоспарлануда. Нәтижесінде 3 341 отбасының баспаналы болмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.

– Биылғы 10 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 250 млрд. теңгені құрап, 783,7 мың шаршы метр үй пайдалануға тапсырылды. Сонымен қатар 55 тұрғын үй, яғни 1077 пәтер күрделі жөндеуден өтуде. Түркістан облысы баспана кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтудан еліміз бойынша алғашқы орындарда тұр. Биыл 10 айдың қорытындысымен 1 072 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін тағы да үйлер тапсырылады, – деді өңір басшысы.

Жалпы облыс құрылғалы, 2018-2023 жылдары кезекте тұрған 6 303 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар облыс тұрғындары және тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар ипотекалық баспанамен қамтылуда. Атап айтқанда, Түркістан қаласында 2022-2023 жылдары аралығында «7-20-25» бағдарламасы аясында 3 мыңнан астам отбасы және «Отбасы банк» АҚ бағдарламалары аясында 1715 отбасы ипотекалық баспанамен қамтамасыз етілген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер көлемі ұлғайды

Түркістан облысында өзіндік кіріс көздерін артыру, «көлеңкелі экономикамен» күрес, қосымша кіріс көздерін анықтау жұмыстары нәтижесінде өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер ...

Түркістан облысында кедейлік деңгейін төмендету шаралары белсенді жүргізілуде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Қабылданған шаралардың ...