Түркістан облыстық кітапханасына Созақтықтар 500 дана кітап сыйлады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облыстық кітапханасына Созақтықтар 500 дана кітап сыйлады

«Кітап саяхаты – 2023» акциясы аясында Созақ ауданының кітап керуені «Шежірелі өлкеден – Рухани темірқазыққа» атты шарамен жалғасты. Кітап керуенінің ашылу салтанатында Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрайымы, ҚР Мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева, «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.

Созақ ауданы «Фараб» кітапханасының қорына 500 кітап және тактильді кітап сыйға тартты. Сонымен қатар, шежірелі аудан тумалары – Нұржамал Төлеуова, Тұмартай Дінтайұлы, Сәрсенбек Сайлаубекұлы керуеннің келуімен құттықтап, оқырман легі көп болуын тіледі. Шараға қатысушыларға арнайы жасақталған «Шежірелі Теріскей, Қазыналы Қаратау» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды.

Мәдени шара «Күзгі сыр» атты рухани әдеби-сазды кешпен жалғасты. Ақын-жазушы, аудармашы Елнұр Қайратұлының «Қасқыр ұлыған түн» шығармасынан қойылым қойылып, өлеңдері оқылды. «Жігіттер» квартетінің әншісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ердос Қанаев автордың сөзіне жазылған әнді шырқады. Шығармашылық кездесуде аудан өнерпаздары өнер көрсетті.

Шара соңында облыстық «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы Созақ ауданынан келген кітапханашылар мен қаламгерлерге алғысын білдірді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты маңызды құқықтық ұстанымын білдірді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 маусымдағы ...

В День знаний в Туркестанской области введены в эксплуатацию 9 новых школ и пристроек

В Туркестанской области в День знаний введены в эксплуатацию новые школы. Одна из них открылась в Казыгуртском районе Туркестанской области. ...