Шардарада кәсіпкерлердің есебінен 96 пәтер салынып жатыр

Биыл Шардара ауданында кәсіпкерлердің есебінен 96 пәтерлі 6 үйдің қабырғасы қалануда. Құрылыста қолданылып жатқан материалдар түгелдей дерлік отандық өнім. Сапасы да тиісті мамандар мен жергілікті әкімдік тарапынан қатаң бақылауда. Өйткені аталмыш 6 үйдің құрылысы аяқталған соң 96 пәтер жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың осал тобынан жасақталғандар, бюджеттік немесе мемлекеттік қызметшілер, көпбалалы отбасылар тізімі бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғандарға теңдей бөлініп беріледі.

Бүгінде тұрғын үй кезегінде тұратын 1530 шардаралықтың 124-і жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болса, 482 азамат халықтың осал тобына жататындар, бюджеттік немесе мемлекеттік қызмет саласында істейтіндер 332-ні құраса, 592-сі – көпбалалылар.

Айта кетейік, соңғы 3 жылда мемлекет тарапынан 80 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілген еді.

Одан бөлек, аудандағы Жаушықұм елді мекеніндегі 200 орындық мәдениет үйі, Қоссейіт елді мекеніндегі 38 жер теліміне есептелген жер учаскелерінің инженерлік инфрақұрылымы, Шардара қаласындағы IV мөлтекаудандағы инженерлік инфрақұрылым жұмыстарының 2-кезеңі, Ұзыната ауылдық округі әкімшілік ғимараты сынды құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталған.

Шардара қаласындағы 1086 жер учаскесі бар IV мөлтек ауданның 2024 жылға өтпелі инженерлік инфрақұрылым жұмыстарының 3-кезеңіне жалпы ұзындығы 19 221,5 метр су құбыры жүргізілген. 178 дана темір-бетон су құдықтары орнатылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер көлемі ұлғайды

Түркістан облысында өзіндік кіріс көздерін артыру, «көлеңкелі экономикамен» күрес, қосымша кіріс көздерін анықтау жұмыстары нәтижесінде өзіндік кірістер мен салықтық түсімдер ...

Түркістан облысында кедейлік деңгейін төмендету шаралары белсенді жүргізілуде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Қабылданған шаралардың ...