Сарыағашта «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сарыағашта «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды

Бүгін Сарыағаш аудандық орталық аурухана базасында нейро-ортопедиялық сырқаты бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылды. «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларының қолдауымен ашылған орталық бір мезетте 3 жасқа дейінгі 600 баланы оңалтумен айналысады.

Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасы Болат Жәмішев және «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының Бас директоры Альфия Адиева қатысты.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев өңір үшін әлеуметтік маңызы зор орталықтың ашылуына қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» қорына алғысын білдірді.

— Облысымыз елімізде халық ең тығыз орналасқан аймақ. Ауданымызға ерекше балаларға арнап оңалту орталығын тарту етіп, қаржылай қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына облыс жұртшылығы атынан алғыс білдіреміз. Бұл оңалту орталығы балалардың денсаулығын жақсартуға оң ықпалын тигізері анық, – деді Бейсен Дәулетұлы.

Орталық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Жұмыс тәсілі — әрбір сәби үшін оңалтудың жеке бағдарламасы жасалады. Сондай-ақ, көпбейінді мамандар тобы – невропатологтар, педиатрлар, терапевтер, логопедтер ем-дом жасайды. Бұдан бөлек, церебралды сал ауруы, шала туу, даун синдромы, дамуында туа біткен ақаулары, бұлшық ет дистрофиясы сынды өзге де сырқаттары бар балалар оңалтудан өтеді. Орталықта механотерапия және емдік-дене шынықтыру залы, сенсорлық бөлме, иммерсиялық ванна, шунгит және тұз бөлмелері бар. Айта кетерлігі, есту және бас миын зерттеуге арналған диагностикалық жабдықтармен қамтылған. Аталған аппараттар дамудың алғашқы кезеңдерінде кінәраттарды анықтауға және оңалту шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...