Сарыағашта «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Сарыағашта «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде

Сарыағаш ауданына қарасты Құрама ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аудан басшысы Арман Абдуллаев аталған құрылыс нысанына жауапты мердігер мекеме өкілдерімен жүздесіп, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Бүгінде құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер компания тарапынан нысанның іргетасын (бетон) құю жұмыстары аяқталып, ендігі кезекте темір арқалықты орнату жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар аудан басшысы жауапты мамандарға спорт нысанының ауыл тұрғындары үшін маңызы зор екенін айта келе, құрылыс сапасын басты назарда ұстауды тапсырды. Оған қоса құрылыс жұмыстарының уақытылы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертіп, тиісті бөлім басшысына осы жұмыстар ұдайы назарда болуын жеткізді.

Сондай-ақ аудан басшысы Арман Абдуллаев, Жарты төбе ауылдық округіне арнайы барып, Құрама елді мекеніндегі ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысының мән-жайын бақылады.

Бүгінгі таңда, магистрал су құбырларына бұрғылау жұмыстары (ГНБ) жұмыстары жүргізілуде. Магистрал су құбырлары 9,5 шақырым жерге жүргізіліп, абоненттік су құбырлары 6 шақырымға тартылған, 140 дана су құдықшалары орнатылған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 67 отбасы таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Іссапар барысында аудан әкімі жауапты сала басшыларына жүргізіліп жатқан су құбырларының жобаға сәйкес сапалы әрі мерзімінде орналастыру қажет екенін ескертті.

x

Check Also

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық ...

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...