Президент реформасы: Жергілікті басқару жүйесінде елеулі өзгерістер бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында іргелі бастамаларды көтерген болатын.

Солардың ішінде ерекше тоқталатыны — әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру. Бір жыл ішінде Жолдауда айтылған негізгі бастамаларға негізгі қадамдар жасалып та жатыр. Ел тағдыры сынға түскен уақытта Президентіміз табандылықпен тарихи шешімдер қабылдады. Былтырғы Жалпыхалықтық референдум мен Президент сайлауы елді де, қоғамды да түбегейлі өзгертті.

Жолдаудан соң жалпыхалықтың референдум өтіп, аумақтық бөліністер жасалды. Жаңа облыстар құрылып, олардың орталықтары белгіленді.

Сондай-ақ, мемлекет пен азаматтық қоғам арасында сындарлы әріптестік орнату жұмысы жалғасты. Бабалар жолымен Ұлттық құрылтай шақырылуын осы бағыттағы ілкімді істердің дәлелі деуге болады. Оның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтті, екінші отырысы киелі Түркістанда өтеді.

Ең бастысы, Президенттің бастамасымен іске асқан саяси реформалар ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту үдерісіне тың серпін берді. Сондай-ақ, азаматтардың белсенділігін арттыруға және олардың елімізді жан-жақты дамыту ісіне атсалысуына жол ашты.

Сейдулла САДЫҚОВ,
ХҚТУ-нің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор

x

Check Also

Түркістан облысында ірі қара малдың сүйегін өңдеп, өнім шығаратын зауыттың капсуласы салынды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында «Tangshan Huating Ceramics Co., LTD.» компаниясының сиырдың сүйегін өңдеп, пептон, желатин қоспасын дайындайтын зауыт салынады. Бүгін ...

Важные вопросы обсуждали на гражданском форуме в Туркестане

В Туркестане прошел ХІІ региональный гражданский форум «Социальная ответственность и общественная активность: движущая сила гражданского общества». Сначала состоялась презентация книги ...