Кентауда тамшылатып суару машиналарын шығаратын кәсіпорын жұмысын бастады — Xnews — ақпарат агенттігі

Кентауда тамшылатып суару машиналарын шығаратын кәсіпорын жұмысын бастады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласына жұмыс сапары барысында жаңбырлатып суару машиналарын жасау ісін қолға алған «BNK Group LTD» ЖШС-де болып, жұмыс барысын бақылады. Жоба құны – 1,2 млрд. теңге. 2023 жылы құрылған кәсіпорын жылына 400 дана техника шығаруға қауқарлы. Мұнда 50 адам жұмыспен қамтылған.

Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығы саласына жаңа технологиялар ендіру, өндіріс орындарын ашу бағытындағы осындай жобаларды көбейтуді тапсырды.

Бұрын шетелден әкелінетін жаңбырлатып суару машиналары енді Кентауда шығарылады. Кәсіпорын басшысының айтуынша, мұнда жаңбырлатып суару машиналарымен қатар су сорғыш насостары да шығарылмақ. Сондай-ақ тракторларға сервистік қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта жоба толық жүзеге асқаннан кейін жұмысшылар саны 100-ге жетеді деп күтілуде.

Айта кетейік, бұл машиналар ағын суды 40 пайызға дейін үнемдейді әрі өнімділікті арттырады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...