«Кентау-Түркістан халықаралық әуежайы» автомобиль жолы пайдалануға берілді — Xnews — ақпарат агенттігі
Asphalt6

«Кентау-Түркістан халықаралық әуежайы» автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кентау қаласы мен Түркістан халықаралық әуежайы аралығында 26 шақырым жол пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарын Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Корпорация Береке А» ЖШС жүргізді.

Аталған жол — Жамбыл облысы, Созақ ауданы, Кентау қалаларын облыс орталығы Түркістан қаласымен жалғайтын күре жол. Жобаға сәйкес жолдың 26 шақырым асфальт жабындысы толық төселген. Ұзындығы 100 метр көпір қайта жөндеуден өтіп, 4 жерде мал өткелі мен 27 жерде су өткізгіш құбырлар салынды. Жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 331 дана жарықшам орнатылған. Сондай-ақ, 6 аялдама және елді мекен атаулары, тиісті жол белгілері мен жол таңбалар сызылған.

Қазіргі таңда жолды пайдалануға берілгеннен бастап Түркістан қаласы мен Кентау қаласы арасындағы көлік кептелісі едәуір азайған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...