Бәйдібек ауданында тігін цехы іске қосылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Бәйдібек ауданында тігін цехы іске қосылды

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында тігін цехы іске қосылды. Шағын кәсіпорын көрпе-жастықтан бастап, медициналық киімдер, шапан және қыз жасауын тігеді. Онда 7 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.

Цехтың ашылу салтанатында Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызалиев пен облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал директоры Сылқымбек Спабеков құттықтау сөз сөйлеп, кәсіпкерге сәттілік тіледі.

Бұл Бәйдібек ауданында тігін ісі бойынша жалғыз өндіріс орны. Кәсіп иесі Элеонора Ағабекқызы конақтарды цехтың жұмысымен таныстырды. Ол «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз 5 млн. теңге грантты жеңіп алған. Алдағы уақытта қой жүнін өңдеп кәдеге жаратуды көздеп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...