Aлаяқтар шенеуніктерден ақша бопсалаған (видео)

Сыр өңірінде алаяқтар тобы мемлекеттік қызметкерлерді интимді суреттер арқылы бопсалаған. Олар жәбірленушілерді ақша бермеген жағдайда, суреттерді таратып жібереміз деп қорқытқан, деп хабарлайды Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

Алаяқтар әлеуметтік желіде өздерінің аватарларына сұлу қыздардың суреттерін қойып, жалған парақшалар ашқан. Сосын осы қыздардың атынан ер адамдармен сөйлескен. Уақыт өте келе бопсалаушылар қыздардың жалаңаш суреттерін жіберіп, мемлекеттік қызметкерлерден интимдік фотоларын сұраған.

Суреттерді қолға түсірген алаяқтар осы арқылы мемлекеттік қызметкерлерді бопсалап, ақша талап еткен.

Қызылорда облысында 12 мемлекеттік қызметкер мен өзге өңірлерде қызмет ететін лауазымды тұлғалар алаяқтардың құрбаны болды.

«Тергеуден кейін 11 жәбірленушінің ақшасын қайтарып алғаны белгілі болды. Олар арыз жазудан бас тартты. Бір ғана жәбірленуші Б. кері қайтарылған 500 мың теңгені алмай, бопсалаушылардың үстінен сотқа беруге шешім қабылдаған», — делінген хабарламада.

Сот отырысында алаяқтардың өздері кінәларын мойындады.

Үш сотталушыға қатысты сот үкімі шығарылып, олар кінәлі деп танылды.

Олардың әрқайсысына 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу, сондай-ақ үкімді орындау кезінде жылына 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Сотталушылардан 500 000 теңге көлеміндегі залал бірлесіп өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

© 31 арна

x

Check Also

Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді. Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан ...

Президент выразил соболезнования семье абаеведа Мекемтаса Мырзахметулы

Президент Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму соболезнования в связи с кончиной известного ученого-абаеведа Мекемтаса Мырзахметулы. Глава государства выразил соболезнования родным и ...