Алаяқ құрылыс салушылардың құрбаны болмаңыз! — Xnews — ақпарат агенттігі

Алаяқ құрылыс салушылардың құрбаны болмаңыз!

Елімізде тұрғын үй құрылысы жедел қарқынмен дамып келеді. Сонымен қатар бұл қазақстандықтардың баспана сатып алу кезінде алданып қалу қаупінің өте жоғары болып отырғанының көрсеткіші болып табылады.

Соңғы уақытта құрылыс компаниялары (құрылыс салушылар) қарапайым азаматтардың сенімін пайдалана отырып, үлестік тұрғын үй құрылысы саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын айналып өтіп, салынып жатқан тұрғын үйлердегі пәтерлерді сатуды жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрғын үй болып табылмайтын техникалық қабаттардағы пәтерлерді сатуға шарттар жасасатын жағдайлар жиілеп кетті.

Жосықсыз құрылыс салушылардың құрбаны болмас үшін, ұсынамыз:
— Салынып жатқан тұрғын үйден пәтер сатып алуға шарттар жасау кезінде құрылыс салушыдан танысу үшін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат құжаттарын сұратыңыз (үлестік тұрғын үй құрылысына қатысатын компаниялардың тізімін облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасынан нақтылауға болады);
— Салынып жатқан тұрғын үйдің келісілген эскиздік жобасының келісілген қабаттар санына сәйкестігін тексеру (ақпаратты қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен алуға болады);
— Салынған үйде пәтер сатып алуға шарттар жасасу кезінде объектіні пайдалануға қабылдау актісінің бар-жоғын тексеру қажет.

Сақ болыңыз! Құрылыс салушылармен келесі мәмілелерді жасамаңыз:
— пәтерді сатып алу — сатудың алдын ала шарты;
— үлестік құрылысқа қатысудың алдын ала шарты;
— брондау немесе қарыз шарттары;

Аталған мәмілелердің кез келгені жасалған жағдайда, Сіз заңмен берілген құқықтарыңыз бен кепілдіктеріңізді іске асыру кезінде қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін.

x

Check Also

“Казахстан может догнать Европу“: тренер сборной высказался о стадионах

Новый главный тренер сборной Казахстана по футболу Джон ван ’т Шкип из Нидерландов оценил инфраструктуру в стране, передаёт Tengri Sport ...

Президент Жолдауын жүзеге асыру: құны $78,6 млрд болатын 215 жоба Қазақстанның жаңа инвестициялық циклін қалыптастыруда

Қазақстанда тартылатын капитал көлемін ұлғайтуға ғана емес, оның құрылымын өзгертуге де бағдарланған жаңа инвестициялық цикл қалыптасуда. Басымдық өңдеу өнеркәсібіне, терең ...