Түркістандық ұстаз «Үздік жыл мұғалімі — 2023» байқауында ІІІ орын иеленді

NIS жүйесінің барлық педагог мамандары үшін айтулы оқиғаға айналған дәстүрлі «Үздік жыл мұғалімі-2023» байқауына Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстазы Шыңғыс Дархан қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шыңғыс Есенғараұлы NIS жүйесінде 5 жылдан астам, ал Түркістандағы Зияткерлік оқу ордасы ашылғалы 2 жылдан бері қызмет атқарады. Бүгінде мектеп қабырғасында «Ziyat» дебат клубының жетекшісі және Youtube желісінде педагогикалық тақырыпқа негізделген подкастары арқылы шәкірттеріне креативті, жан-жақты педагог ретінде танылған. Сонымен қатар мектептің 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айында өткен мектепішілік «Жыл мұғалімі» байқауында жеңімпаз атанған.

2022-2023 оқу жылы Түркістандағы білім ордасы сыртқы жиынтық бағалау емтиханы бойынша қазақ тілінен үздік 100% нәтиже көрсетіп, NIS желісінде алдыңғы қатарға шықты. Бұл – Зияткерлік мектеп тарихындағы сыртқы жиынтық бағалау емтиханынан алғашқы жетістіктердің бірі болса, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігінің нәтижелі жұмысының көрсеткіші.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Ұстаздықпен өрілген өмір

Еңбекті өмірінің мәніне балаған, жас ұрпақтың жүрегіне жарық сәуле себуді мұрат тұтқан жан – №23 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Алдасүгірова ...

Таңдау емес, тағдыр болған мамандық

Кадирова Нурлыгүл Құрманәліқызы — ұлағатты ұстаз, педагогика саласында 32 жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Ол 1971 жылы Шардара ауданы, Байырқұм ...