Түркістандық Қайсар Шамшидинов қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов турнирінің «Түйе балуаны» атанды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістандық Қайсар Шамшидинов қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов турнирінің «Түйе балуаны» атанды

Түркістан облысында қазақ күресінен аламан дода аяқталды. Қазақтың дара перзенті, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовты еске алуға арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы Азия кубогы сайысы өз мәресіне жетті.

Дүбірлі күрес бәсекесіне Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркістан облысының ең мықты деген балуандары қатысып, күрестің көркін қыздырды.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақ күресі шеберлері 5 салмақ дәрежесінде белдессе, екінші күні 3 салмақ дәрежесімен қатар «Түйе балуан» бәсекесінің де жеңімпазы анықталды. Жалпы 8 салмақ дәрежесінде ең талантты деген 150 балуан күресті. Өзбекстан мен Қытай, Тәжікстан, Қазақстан елдерінің ең апайтөс жауырынды намысшыл саңлақтары бас қосып, өзара шеберліктерін көрсетті.

Аса тартысты өткен «Түйе балуандар» сайысында Қазақстанның намысын қорғаған Түркістан облысының дарынды спортшысы Қайсар Шамшидиновке тең келер балуан болмады. Ал, күміс жүлдегер атанған Өзбекстанның өкілі Шерали Жураев болса, тағы бір қазақстандық талантты спортшы Марат Байкамуровқа қола медаль бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев пен Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев құрмет көрсетіп, марапаттады. Айта өтерлігі топ жарып жеңімпаз атанғандарға 200 мың теңге берілсе, екінші орынға 100 мың және үшінші орынға 50 мыңнан қаржылай сыйақы берілді.

Сондай-ақ барлық қарсыластарын тізе бүктірген «Түйе балуан» Қайсар Шамшидиновке «Нива» автокөлігінің кілті табысталды. Күрес додасын Түркістан облысы әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлерлігі мектебі ұйымдастырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...