Түркістанда саяси партиялар арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда саяси партиялар арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды

Ұлттың ұлы мерекесі – Республика күні қарсаңында Түркістанда шағын футболдан «Maslihat Cup» партиялар арасындағы жолдастық кездесудің ашылу рәсімі өтті.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанаты бастамашы болған турнир жергілікті қоғамдық-саяси ұйымдар арасындағы өзара ықпалдастықты арттыруды, оларды мемлекеттік мүдде тұрғысындағы құндылықтарды іске асыруға жұмылдыруды, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстану аясына біріктіруді және жастарды ортақ елдік ұстаным шеңберіндегі міндеттерге топтастыруды мақсат тұтады.

Жолдастық ту астында өтіп жатқан жарысқа «AMANAT» партиясы, «Respublica» партиясы, «Байтақ» жасылдар партиясы, «Aq Jol» Қазақстан демократиялық партиясы және БАҚ өкілдерінен құралған командалар қатысуда. Спорттық кездесудің ашылу рәсіміне «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев қатысып, жарыс жолына түскен командаларға жеңіс тіледі.

”AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы өңірдегі саяси партиялар өкілдерін спорт туы астына біріктіре отырып, ортақ мемлекеттік мүдде аясында Республикамыздың гүлденуіне бірлесе үлес қосуға шақырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық ...

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...