Түркістанда Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Бір ел» жастар жобасы басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Бір ел» жастар жобасы басталды

Түркістан қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи-ағартушылық бағыттағы «Бір ел» атты жастарға арналған шара өтті.

Аталған жоба екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Жобаға еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық жас келген. Шараның ашылуында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бастаманың жастарды ұлттық құндылықтармен тәрбиелеуге зор септігін тигізетінін айтты. Сондай-ақ, шараға ҚР Парламенті депутаттары Алишер Сатвалдиев, Геннадий Шиповских, Наталья Дементьева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің, этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын әр түрлі санаттағы жастар қатысты.

Айта кетейік, «Бір ел» жастар жобасы барысында пленарлық отырыс, пікірталастар, интеллектуалды ойындар өткізіледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...