Түркістанда жемқорлық фактісін хабарлағандар ақшалай сыйақы алды

Ағымдағы жылы Түркістан облысында жемқорлық фактісін хабарлаған 7 азаматқа 1,6 млн теңге сыйақы тағайындалды.

Соңғы 3 жылда жемқорлық қылмысының жолын кесуге жәрдемдескен 36 тұрғын 5,1 млн теңге сыйақы алды.

Тұрғындардың хабарламаларымен білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, құрылыс, жер қатынастары және спорт салаларында жемқорлық қылмыстары анықталды.

Заң талаптарымен көзделген сыйақы мөлшері жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты төленеді. Ең жоғары сыйақы мөлшері ағымдағы жылы 13 млн 800 мың теңгені құрайды.

Сыйақы соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі немесе әкімшілік жаза туралы қаулысы болғанда беріледі.

Сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған кез-келген азамат @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы арқылы хабарлай алады.

Сондай-ақ, Антикордың облыстағы департаментіне (Түркістан қ. Тәукехан д. №100) хабарлауға болады.

x

Check Also

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...

Безопасность детей — в центре внимания

В Шымкенте прошло масштабное праздничное мероприятие, посвящённое безопасности детей. 29 мая 2025 года на площади «Наурыз» в городе Шымкент состоялось ...