Түркістанда азық-түлік бағасына мониторинг жұмыстары жалғасуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда азық-түлік бағасына мониторинг жұмыстары жалғасуда

Түркістан қаласында жалпы 25 ірі супер маркет, 3 көтерме сауда орны (Алтын бұлақ, Барлық, ЭкоБазар) және 187 дүкен бар.

Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында – 30 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Сондай-ақ 4 ірі сауда орталықтарында (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Шапағат) арзандатылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері тұрақты сатылымға қойылып, 30 дүкенде әлеуметтік бұрыштар жұмыс істеуде. Жыл соңына дейін 20 әлеуметтік дүкен құрылысы салынып, жалпы санын 50-ге жеткізу жоспарлануда.

Шаһарда азық-түліктерді бастапқы бағасынан 15 пайыздық үстемеақыдан асырмау қажеттігі туралы 25 әмбебап дүкен иелерімен меморандум түзілген. Аталған дүкендер келісімді бұзған жағдайда заң аясында шара көріледі.

Қазіргі таңда, қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі және Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қызметкерлерімен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бергі көрсеткіштер бойынша 187 шағын дүкенде, 4 ірі сауда орталығында, 20 әлеуметтік дүкенге бақылау жүргізіліп, баға тұрақтылығын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...